Ең жоғары табыс табатын тұрғындар Қарағанды облысында тұрады
Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңірдегі ең ауқатты 10 пайыз тұрғын айына бір адамға шаққанда орта есеппен 413 мың теңге табыс тапқан. Бұл көрсеткіш ел бойынша орташа деңгейден (273 мың теңге) едәуір жоғары. Бұл туралы Ortalyq.kz ztb.kz порталы сілтеме жасап хабарлады.

Мұндай табыс көлемі еліміздің басқа өңірлерінде әзірге тіркелмеген. Қазақстан бойынша ең жоғары табыс табатын 10 пайыз азаматтың қатарына кіру үшін ай сайын 189 мың теңгеден артық табыс табу жеткілікті. Ал кейбір азаматтардың айлық кірісі 2 миллион теңгеге дейін жеткен.
Сарапшылардың мәліметінше, Қарағанды облысы алғаш рет табысы ең жоғары өңір ретінде көш бастап отыр. Бұған дейін аймақ тұрақты түрде ТОП-5 қатарында болғанымен, мұндай жоғары көрсеткіш алғаш рет тіркелді.
Рейтингте екінші орында – Павлодар облысы, үшінші орында – Астана қаласы (өткен жылы көшбасшы болған), ал Алматы қаласы төртінші орынға жайғасты.
Жамал АКПАРОВА
Ortalyq.kz



