Жаңаарқа

Еңбеккерлер құқығы – ұдайы назарда

     Сәрсенбі күні Жаңаарқа ауданының прокуроры А.ӘДІЛХАНОВТЫҢ төрағалығымен «Еңбек заңнамаларының сақталуы» тақырыбында ведомствоаралық жиын өтті. Отырыста еңбек қатынастары саласындағы, оның ішінде, жұмыс орындарын қысқарту, жұмыстың тоқтауына байланысты қызметкерлерді мәжбүрлі демалысқа жіберу сондай-ақ, еңбекақыларын кешіктіру, дер кезінде төлемеу жағдайларының алдын алу шаралары қарастырылды.

Басқосуды аудан прокуроры А.Әділханов кіріспе сөзімен ашып, тиісті баяндаманы аудан прокуратурасының аға прокуроры Р.Кенжетаев жасады.

Баяндамада еңбек заңнамаларының сақталуы бойынша аудан прокуратурасымен атқарылған жұмыстар және жұмыскерлер алдында еңбекақы бойынша берешектері бар мекемелер туралы айтылды.

Жұмыскерлерге еңбекақы бойынша берешегі бар «Сакен и Компания» ЖШС мен «Сарыарка Energy» ЖШС өкілдерінің есептері тындалып, еңбекақы берешектерін тез арада төлетуге байланысты нақты шараларды ұйымдастыру тапсырылды. Орындалу мерзімі белгіленді.

Сонымен қатар, жиналысқа қатысушылар назарына аудан прокуратурасымен жасалған баяндама таныстырылып, еңбек заңнамаларының талаптарын қатаң сақтап, жұмыскерлердің алдында еңбекақы берешектерін болдырмау жеткізілді.

Ал, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына аталған санатта атқару өндірістері түскен жағдайда, екіайлық мерзімді тоспай дереу орындату үшін атқарушылық әрекеттер жүргізу түсіндірілді.

Жиналыс нәтижесімен хаттама жасалынып, орындау үшін мүдделі жақтарға жолданды.

Хаттаманың орындалысы аудан прокурорының бақылауына алынды.

Динара ОМАРОВА,

Жаңаарқа аудандық

прокуратурасының прокуроры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button