Жаңалықтар

Еңбек инспекторлары 175 кәсіпорында 10 мың жұмысшының жалақы алмағанын анықтады

Биыл 1 наурыздағы мәлімет бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары 175 кәсіпорнында 10 мың жұмыскердің алдында 1,7 млрд теңгеден астам жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.кz сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 189 нұсқама беріліп, 24,6 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Нәтижесінде, жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімі белгіленіп, 7,9 мың жұмысшының құқы қорғалды. Оларға 1,3 млрд теңге жалақы төленді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button