Еңбек адамдары ардақталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс» деген еді. Еңбек адамдарын насихаттап, беделін көтеру мақсатында елімізде түрлі байқаулар өтіп жатыр. Биыл «Еңбек жолы» конкурсы өткізіліп, жеңімпаздар анықталды.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясында I орын Аскаровтар әулетіне бұйырды («Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – «Қарағандыцветмет» ӨБ филиалының Абыз-Қарағайлы байыту фабрикасы кеніші, Қарқаралы ауданы). II орын – Наушаруановтар әулетінде (Приозерск қаласы білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі). III орында – Сушковтар әулеті (Осакаров ауданының білім бөлімінің №9 гимназия базасындағы Тірек мектебі.

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында I орын – Әділет Шынбатыровтың қанжығасында (Теміртау қаласы («АрселорМиттал Теміртау» АҚ №3 жайма-илемдеу цехының суық илектеу диірменінің вальцовщигі). II орын – Нұрғазы Абзалбекте («Maker» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауытының фрезерлеушісі), III орын – Юрий Федоровте (Осакаров ауданының білім бөлімі №9 гимназия базасындағы Тірек мектебінің информатика мұғалімі).

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша I орынды Нуркаси Абатов алды (Хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ клиникасының бас хирургі). II орыннан Гүлнара Алымканова көрінді («Galex Plus» Саран тігін-трикотаж фабрикасы» ЖШС тігінші). III орын Әділхан Аманжоловта («Қамқор Локомотив» ЖШС «Ағадыр доңғалақ цехы» филиалының 6-разрядты жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі ұста).

Ерік НАРЫН,

«Ortalyq Qazaqstan»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.