Жаңалықтар

Джаз оркестрі маусымның жабылуына шақырады

Джаз оркестрі қала тұрғындары мен қонақтарын 31 мамыр күні  сағат 18.30-да “Цирк” ғимаратында өтетін мерейтойлық, ХХХ концерттік маусымның жабылуына шақырады. 

Концертте take the ‘A’ Train, Slo-Funk, MiRA MIRA, TOUCHIN ALL THE BASSES, TEEN TOUN, TICO TICO, LIBERTANGO, FEVER, THE MAN I LOVE, TEACH ME TONIGHT, NICE WORK IF YOU CFN GETТ, “Карусель” әндері шырқалады.

Солистер – Алексей Соколов (аккордеон, Ресей), Екатерина Хоменкова (вокал, Алматы қ.), Денис Шушков (контрабас, Ресей).

Алексей Соколов – бүкілресейлік және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Ресей музыканттар одағының мүшесі, Гнесин атындағы Ресей музыка Академиясының түлегі, Шнитке атындағы МГИМ және Berklee College of Music (Бостон, АҚШ).

Денис Шушков – Гнесин атындағы РМА-ның түлегі. АҚШ-та тағылымдамадан өтті. Ресей, Украина, Қазақстан, Балтық жағалауы, Польша, Германия, Шотландия, Норвегия, Қытай, АҚШ-тың түрлі фестиваль алаңдарында өнер көрсетті.

Екатерина Хоменкова – керемет вокалдық техникасы бар джаз әншісі. Италияда, Сиена қаласының университетінде джаз ән айту шеберлігін оқыды. Ол Еуропалық музыканттармен, соның ішінде Петер Шарикпен бірге өнер көрсетті.

Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко.

Жүргізуші – Роберт Граф.

Билеттер цирк кассаларында және ticketon.kz сайтында.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button