«Домбыра, сенде мін бар ма?!»
Қарағандылық домбырашылар ансамблі Ташкент қаласында өткен «Жұлдыз АРТ» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.
Жеке аспаптар бойынша домбырада өнер көрсеткен Рахатали Сләмбек және Нұрасыл Мұхтарұлы бас жүлдені иеленді. Назым Серікқали І орын жеңімпазы деп танылды. Ал, Нұрдия Балташ жетіген аспабында халық күйі «Кербез қызды» орындап, І орынды жеңіп алды.
– Оқушылардың домбыра, жетіген аспаптары бойынша ұстазымын. «Асыл мұра» мектебі сәуір айынан жұмысын бастағанынан қазіргі таңда 40 шақты бала ақылы түрде білім алуда. Мектеп ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жеткіншектерге ұлттық аспаптарды меңгеру арқылы, қазақи тәрбие беруді көздейді. Әр отбасында ұлттық аспабымыздың үні шығып тұрса, нұр үстіне нұр, – деп атап өтті «Асыл мұра» домбыра мектебінің негізін қалаушы Жазира Омарова.
Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz