Жаңалықтар

Доллар құны бірден 9,65 теңгеге қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ortalyq.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес доллар 9,65 теңгеге қымбаттап, 456, 66 теңге болды.

Ұлттық банктің 13 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445, 98 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,87 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 455 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 459 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 454 теңгеден болса, сатып алу құны – 457 теңге.

Ресей рублі 5,75 – 5, 05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button