Спорт

Дохадан алтынмен оралды

Үстел теннисінен Катар астанасы Дохада өткен «WTT Youth Contender» халықаралық турнирінде қарағандылық Жанерке Көшкумбаева бақ сынап, чемпион атанды.

Сурет: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Аталмыш чемпионатқа әлемнің түпкір-түпкірінен кіл мықтылар қатысқан еді. Жерлесіміз 19 жасқа дейінгі жас аралығында сынға түсіп, қарсыластарын шаң қаптырды. Ол Бахрейн спортшысы Аллалиді, катарлық Фаузия Мелкиді, Литва өкілі Мария Микалаускитені, пәкістандық Ур Фавадты, Бахрейн спортшысы Амруту Пхадкені жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Айта кетейік, жерлесіміз бұл турнирге дейін ел чемпионатына қатысқан болатын. Сол чемпионатта әйелдер арасындағы жұптық разрядта жеңіске жетіп, жалпы командалық есепте алтын медаль жеңіп алған еді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button