Бас тақырып

Діни экстремизммен күрес – ортақ міндет

Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауы негізінде облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Зайырлылық қағидаттарын нығайту – экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл негізі» тақырыбында республикалық форум өткізілді. Кең сипатты жиында діни экстремизммен күрес жүргізу жолдары жанжақты талқыланып, республиканың әр аймағынан келген аталған салаға тікелей қатысы бар ресми өкілдер өз тәжірибелерімен бөлісті

Форумға қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері мен сарапшылары, облыстардың дін істері басқармалары мен дін орталықтарының басшылары, сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің орынбасарлары ел жетістіктерінің бірі ретінде көпұлтты және көпконфессиялы қоғамның дамуына қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті. Алайда, түрлі діни және этникалық топ өкілдерінің бейбіт өміріне мемлекетіміздегі конституциялық тәртіпті өзгертуді мақсат еткен радикалды діни-экстремистік ұйымдардың әрекеті кері әсер етуде. Деструктивті діни ағымдардың жетегіне еріп, Таяу Шығыс елдеріндегі қарулы қақтығыстарға қатысқан бірқатар бауырларымыз лаңкестік әрекеттерге бет бұрып, заңнан тысқары іс-қимылдарға да бой алдырды.

– Біз зайырлы мемлекет ретінде адамдарды зайырлы ұстанымдар- «Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет». Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ. ға тәрбиелеп, олардың радикалды діни идеологияға деген иммунитетін дамытуымыз керек. Мәселен, Атырау облысында деструктивті діни ағымдардың жақтаушыларын дерадикализациялау бойынша жақсы тәжірибе жинақталған, – дейді облыстың дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов. Форумның көздегені де осы. Тәжірибе алмасу, жұмысты жүйелеу және пәрменді ету тетіктерін анықтау және одан әрі бірлесе жұмыс жасау.

Сарапшылардың пайымдауынша, жағымсыз құбылысқа қарсы тұру үшін зайырлылық қағидаттарын нығайтып, ұлттық құндылықтарды насихаттау қажет. Сондай-ақ, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі ауқымды ақпараттық жұмыстың да ролі үлкен. Әлеуметтік желі демекші, өздерінің тәжірибесімен бөліскен Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Қөшқалиев небары бір тоқсанның ішінде әлеуметтік желілер арқылы интернет-кеңістікке 22 млн. деструктивті діни сипаттағы материал салынғанын айтады.

– Осы форумға келудегі мақсат – әкімшілік тәжірибені қолданудағы озық тәжірибемізбен бөлісу. Біз өз жұмысымызда жаңа технологияларды, атап айтқанда әлеуметтік желілерді және аккаунттарды бақылайтын арнайы «кибершеберлер» бағдарламасын қолданамыз. Егер бұрын мамандар әр хабарламаны жеке-жеке тексеріп, оған уақыт шығындайтын болса, қазір діни сипаттағы кез келген хабарламаны бағдарлама өздігінен анықтайды да, тиісінше, белгі береді, – дейді Қайролла Көшқалиев.

Атырау облысында жат ағымдағылармен күрес үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – алдын алу, заңнаманы түсіндіру, екіншісі – мақсатты жұмыс, үшіншісі – әкімшілік ықпал ету. Бұл тәсіл өз нәтижесін көрсеткенін жеткізген атыраулық мейман мемлекеттік органдар бірлесе жұмыс жасаған жағдайда ғана нақты жетістікке жетуге болатынын айтады.

Оның айтуынша, дін істері басқармасы құрылмаған алмағайып тоқсаныншы жылдары көп қателіктер жіберілген. «Мемлекеттің дінге қатысты түсінігі болған жоқ. Ислам деген соң, дін деген соң ата-бабадан қалыптасқан жақсылық, қоғамға ешқандай зиянын тигізбейді деген ой қалыптасты. Қазір Қазақстанның өзге мемлекеттермен салыстырғанда осы саладағы тәжірибесі жеткілікті», – дейді ол.

Бүгінгі күнгі текетірес – әлеуметтік электронды кітаптар да бар.

Білікті мамандардың айтуынша, деструктивті жат ағымның жетегінде кетуге адамның материалдық жағдайының еш қатысы жоқ.

Осы орайда Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 490-бабы бойынша діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу жағдайлары қарастырылғанын айта кету керек. Заңнама бойынша белгіленген арнайы орындардан бөлек, дiни жораларды, рәсімдерді, жиналыстарды өткізуге, қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және таратуға тыйым салынады.

Салтанат ІЛИЯШ

Басқа материалдар

Back to top button