Әділ сотта – әдепті дәстүр

   «Елге – бай құт емес, би құт», «Тура биде – туған жоқ, туғанды биде аман жоқ» деп философиялық ой түйген бабалар сөзінің бүгінгі судьяларға берер тәрбиелік мәні мен тағылымы зор.

Елімізде жүргізіліп отырған сот-құқықтық реформалардың нәтижесі қазіргі уақытта жемісін беруде. Адамдардың әділ сот төрелігіне деген сенімдері артуда. Сот билігінің бұрынғы бес сатыдан қазіргі үш сатыға ауысуы қарапайым жұрт үшін сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы өзгерістер деп айтуға болады. Құқығы бұзылған кез келген азамат алдымен сотқа жүгінеді. Бұл – бүгінгі жүргізіліп отырған мемлекеттік құқықтық саясаттың оң нәтижесі. Ал қоғам дамуы алға ілгерілеген сайын судьяның бейнесі, оның адами болмысына деген талап деңгейінің жоғарылауы – табиғи заңдылық. Заң үнемі жетілдіріліп, судьялардың қызмет бабында өзгерістер орын алған жағдайда, оларды әлеуметтік қорғау мемлекет тарапынан үнемі қолдау тауып келеді.

Ата Заңымызда сот төрелігін Қазақстан Республикасының атынан соттардың жүзеге асыратыны, судьялар сот төрелігін іске асыруға өкілеттіктер берілген, өз міндеттерін тұрақты негізде орындайтын және сот билігін жүргізуші мемлекеттің лауазымды адамы болып табылатындығы айтылған. Сондықтан, мемлекет атынан шешім қабылдап, сот төрелігін жүзеге асырушы судьяларға қойылатын біліктілік талаптарының күшейтілуін уақыт талабымен үндескен қадам деуге болады. Білікті судья қабылдаған сот актілері сотқа жүгінуші тараптардың наразылығын тудырмай, азаматтардың мемлекетке сот билігіне деген сенімін арттырып, олардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді.

А. АЛШЫНБЕКОВ,

Қазыбек би ауданының

№2 аудандық

сотының судьясы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.