Жаңалықтар

«Әділ сайлауға кедергі жоқ»

Қарағанды қаласындағы №31 сайлау учаскесінде 2097 дауыс беруші тұрғын тіркелген. Таңертең сағат 7-де жұмысын бастаған сайлау учаскесінде сағат 11:00 кезінде 300-ге жуық адам дауыс беріп үлгерді. Сайлау комиссиясының  төрағасы Абылай Жәлеловтің айтуынша, учаскеде барлық партияның байқаушысы мен әр үміткердің сенімді өкіліне тең жағдай жасалған.

– Үйден дауыс беретін адам тіркелген жоқ. Ал учаскеде мүмкіндігі шектеулі адамдардың дауыс беруі үшін тиісті қажеттіліктер қамтылған. Арнайы кабинкалар дайын. Есту, көру қабілеті төмен тұрғындар үшін бар мүмкіндік қарастырылды. Бірақ біздің ықшамаудан бойынша ондай ақпарат жоқ. Сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмысы барысында мүмкіндігі шектеулі адам анықталмаған.

Тізім бойынша бірінші рет дауыс беретін 18 адам бар. Қазір таңертеңгі уақытқа қарағанда халықтың белсенділігі күшейді. Олардың басым бөлігі орта жастағылар, – дейді комиссия төрағасы Абылай Жәлелов.

Дауыс беруге келген Сәбит Жанысбаев учаскеде жұмыстың дұрыс ұйымдастырылғанын айтады. Оның ойынша, әділ сайлауға бүгінде еш кедергі жоқ.

–  Қандай сайлау болса  да, қалыс қалып көрген жоқпыз. Үнемі сайлауға барып, өз дауысымызды береміз. Бүгін де ел ертеңі үшін дауыс бердік. Меніңше, сайлаудың әділ өтуіне еш кедергі жоқ бүгінде. Байқаушылар отыр. Сайлаудың тәртібін бұзған ешбір кедергіні көрген емеспіз, – дейді Сәбит Жанысбаев.

Қызғалдақ АСҚАРҚЫЗЫ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button