Жаңалықтар

Дерек пен дәйек

Сурет altainews.kz

1925 жылдың қыркүйегінде Қазақстанға басшылық қыз­метке Ф.Голощекиннің тағайындалуы елдегі жағдайды одан сайын ушықтырды. Бұл оның Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық реформаларды күшпен енгізу жоспарымен тығыз байланысты болды. Нәтижесінде халық сан түрлі дағдарыстар легіне ұшырады.

***

Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасында Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлердің тұтқындалуымен басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлт­шыл» деген жалған айып тағылып, түрлі мерзімдерге түрмеге қамалып, бірқатары атылды яки еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен «КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды» деген қисынсыз айып тағылды. Осылайша, «халық жаулары», «ұлтшылдар», «исламшылар», «түркішілдер», «жапония тыңшылары» деген түрлі жалалармен қазақтың бас көтерген зиялылары мен қарапайым еңбек адамдары да жазықсыз саясаттың құрбанына айналды. Бұл кезеңде адамдарды жазалау көбіне саяси пікірлер мен ұлттық көзқарастарымен ғана байланысты болды. Ал, шын мәнінде олар ешқандай қылмыс жасамаған еді.

***

1928 жылғы ірі байларды тәркілеу науқаны қазақ халқының саны мен құрылымына айтарлықтай әсер етті. Қазақтардың жалпы қожалықтарының саны – 828 000 қожалық (4 миллион 800 мыңнан астам адам). 120 000 қожалық отырықшы еді. 700 000-нан астам қожалық көшпелі және жартылай көшпелі болды.

***

1926 жылы Қазақстанда 25 миллион 729 мың бас мал болса, бұл көрсеткіш 1933 жылы 37 миллион 327 мыңға, 1936 жылы 44 миллион 347 мыңға, ал 1941 жылы 61 миллион 871 мыңға дейін өсуі жоспарланған. Дегенмен, 1928 жылдан мал басының саны азая бастады. 1928 жылғы ұжымдастыру малдың айтарлықтай көп бөлігінің жойылуына әкеліп соқты. 1930 жылдың көктемінде Ораз Исаев бастаған мемлекеттік комиссия мал басының 30 пайызға кемігенін анықтады.

***

1930-1932 жылдары Қазақстандағы ауыл халқының саны күрт кеміп, 1 млн 831 мың 441 адам болғаны – өте маңызды тарихи көрсеткіш. 1933 жылғы деректердің болмауы да өз кезегінде ерекше назар аудартады. Мүмкін сол уақытта Қазақстандағы халықтың жағдайы мүш­кіл болғандықтан, нақты статистика жарияланбаған болар. Қазақстанның санақ басқармасы (Казнорхозучет) бастығының орынбасары Н.Мацкевичтің берген мәліметтеріне сүйенсек, тек 1933 жылдың өзінде қысқарған ауыл халқы 1 миллион 70,5 мың адамға жеткен. Ал, 1930-1933 жылдар аралығында ауылда өмір сүрген халықтың жалпы саны 2 миллион 900 мыңнан артық азайған екен.

***

1929-1931 жылдардағы 80 мың адамды қамтыған 372 шаруалар көтерілісі аяусыз басып жаншылды.

***

Осыған қарап отырып, 42 жылда қазақ халқы азамат соғысы, байларды кәмпескелеу, жаппай колхоздастыру, 1932-1933 жылдардағы аштық, 1937-1938 жылдардағы репрессия сияқты ауыр оқиғалар салдарынан миллиондаған адамынан айрылғанын айта аламыз. Қи­лы кезеңдер қазақ халқының демографиялық жағдайына елеу­лі зиян келтіріп, халықтың саны күрт азайып кетті. Аштық пен қуғын-сүргіннің салдарынан қазақтар 22 пайызға, ал, украиндықтар 21 пайызға кеміген. Осы екі халық та Кеңес өкіметінің саясатының кесірінен ең көп шығынға ұшыраған ұлттар болып есептеледі.
Дерек пен дәйек

Қазақ зиялылары ашаршылық туралы ашық ескерткені үшін, кеңестік билік олардың дабылдарын «ұлтшылдық» ретінде бағалап, қудалау науқандарын жалғастырды.

***

1921-1933 жылдар аралы­ғында (1921-1922 және 1932-1933 жж.) қазақ даласы екі ашаршылықты бастан өткерді. Ал, 1931-1933 жылдардағы аш­тық ХХ ғасырдағы адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған трагедияға айналды. Аштық миллиондаған адамның өмірін қиды, демографиялық дағдарысқа ұшыратты.

***

1937-1938 жылдары Қазақ­- с­танда 125 мыңдай адам репрессияға ұшырап, олардың ішінде 25 мыңға жуығы ату жазасына кесілді.

***

Кеңес Одағы тұсында қазақ жерінде «халық жауы» атанғандарды тұтқындап, азаптаған ГУЛАГ-тың 953 лагері жұмыс істеді. Атаулы лагерьлерде мың­даған адам ауыр еңбекке жегіліп, қатаң жазалауларға ұшырап, физикалық және психологиялық тұрғыдан жаншылды.

***

1989 жылы Мәскеудегі «Мемориал» қозғалысының үлгісімен «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы құрылды. «Әділет» қоғамы кеңестік кезеңдегі саяси репрессия­ларды зерттеу және сол кезеңнің құрбандарын еске алу ісінде маңызды рөл атқарды.

***

Тәуелсіздік жылдары ішінде 146 мыңнан астам күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты.

***

Заңнамаға сәйкес, 340 мың­нан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азамат ақталды.

***

Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан ас­там кеңес азаматтары репрессия­ға ұшыраған.

***

Қазақстан аумағында орналасқан лагерьлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып, олар кеңес үкіметінің күштеп қоныс аудару саясатының құрбаны болды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға түрлі халықтардың өкілдері күштеп жер аударылды. Жалпы, осы кезеңде 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корей, 507 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері Қазақстанға депортацияланды. Олардың қатарында Қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар және басқа да этникалық топтар да болды. Барлығы 1 миллион 500 мыңнан астам адам күштеп көшіріліп, қазақ жеріне қоныстанды.

***

Тоталитаризм құрбандары жерленген жерлерде ондаған ескерткіш белгілер орнатылған.

***

1993 жылғы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды.

***

Зерттеулер, шын мәнінде, халқымыздың жартысынан көбі аштықтан қайтыс болғанын дәйектейді. Сонымен қатар, 200 мыңнан астам қазақ басқа мемлекеттерге қоныс аударды. Олар көбіне Қытай, Монғолия, Түркіменстан және басқа да көрші елдерге көшіп, тағдырдың қиыншылықтарымен бетпе-бет келді.

Дайындаған Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button