Әдеп кеңесінің кезекті отырысы өтті
Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметіне қатысты БАҚ-та жарияланған жағымсыз ақпараттарға жүргізілген мониторинг нәтижелері, 2025 жылы өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг ұсынымдарының орындалуы, сондай-ақ, Қарқаралы ұлттық паркі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау ұсынымдарының орындалуы қаралды.

Сонымен қатар қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша екі мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік істер қаралды.

Әрбір мәселе бойынша жауапты тұлғалардың қатысуымен тыңдаулар өткізілді, олардың қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті



