Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 12-13 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы арктикалық суықтың эпицентріне айналады.
– Еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Орталықта және шығыста қатты қар жауады, жолда көріну қашықтығы нашарлайды, көктайғақ болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр, таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр, – деп жазылған хабарламада.
Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
– Еліміздің батысында ғана антициклонның әсерінен ашық ауа-райы болжанады. Бірақ антициклон түнде ауа температурасының минус 5-10 градус аязға дейін төмендеуін күшейтеді. Қалған аумақта минус 2-10 градус суық, тек оңтүстік өңірлерде түнде плюс 5-10 градус жылы болады, – деп жазылған хабарламада.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА