Бас тақырыпСпорт

Дастан Сатпаев Австралиядағы турнирдің үздік гол авторы атанды

Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы Дастан Сатпаевтың лондондық «Челси» клубы сапындағы алғашқы голы Sydney Super Cup-2026 маусым алдындағы турнирінде ең үздік гол атанды, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі League A баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет instagram.com/chelseafc

17 жастағы футболшы бұл голын австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесуде соқты. Сатпаев матчты негізгі құрамда бастап, «Челсидің» 6:4 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.

Бұл қазақстандық шабуылшының ағылшын клубы сапындағы алғашқы нәтижелі соққысы болды.

«Челси» енді «Ювентуспен» кездеседі. Лондондық клуб жаңа маусымға дайындық аясындағы ойындарын 5 тамызда сағат 16:30 да италиялық «Ювентусқа» қарсы жалғастырады.

Айта кетейік, Дастан Сатпаев «Челси» қатарына 1 шілдеде қосылған болатын. Қысқа уақыт ішінде ол клуб жанкүйерлерінің назарын аударып үлгерді. Бұған дейін «Челси» мен «Тоттенхэм» арасындағы бақылау матчында Сатпаев алаңға 70-минутта шығып, ойыны үшін Flashscore порталының бағалауында 6,3 балл алған.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button