Бас тақырыпЖаңалықтар

“Дарынды балаға – талантты ұстаз”

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын жас педагог қызметкерлердің және болашақ мамандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасайды. Кәсіби көзқарасты қалыптастыру мақсатында өтетін «Дарынды балаға – талантты ұстаз» XIІI республикалық педагогикалық олимпиадасы биыл Семей қаласының Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде өтті.


Аталмыш республикалық олимпиадаға «Болашақ» колледжі үшінші мәрте қатысып отыр. Үш жылда да колледж студенттері алдыңғы қатардан көрініп, өздерінің педагогикалық кәсібилігінің жоғары деңгейде екенін дәлелдеп келеді. 
Жалпы, шара педагогикалық идеялар, жобалар арқылы өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Педагогикалық білім мен білік сынға түскен бәсекеде республика
бойынша 11 гуманитарлық колледж және жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған командалар бақ сынасты. 
Сайыскерлердің дайындық деңгейіне баға берген қазылар құрамында педагогика ғылымдарының доктор, профессорлары болды.

Олимпиадаға Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің «Шұғыла» командасы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленіп қайтты. Колледж студенттері Рийган Рахатжан, Ерғали Рахатжан, Жеңісбек Риянбек, Аяжан Нұрмұхан, Диляра Станқұлова, Ажар Қабылқайр және осы жолдардың авторы бар «Шұғыла» тобы олимпиаданың облыстық іріктеу кезеңінде де жүлделі І орынды иеленген болатын.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған дарынды да талантты студенттер байқау барысында бар өнерлерін ортаға салды. «Бала жүрегіне жол табу» деп айдарланған І бөлімде колледж командасы киелі мекен Қараған ды қаласын, жас ұрпақ бойына білім мен тәрбиені тең сіңірген «Болашақ» колледжін және ондағы білім беру ерекшеліктерін музыкалық қойылым арқылы таныстыра отырып, бала жүрегіне жол табар ұстаз бейнесін креативті ойларымен, заманауи ақпараттық технологияларды, үш тұғырлы тіл саясатын көрсетті. Ал «Ұжымдық шығармашылық қызмет» деп аталған ІІ бөлімде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның рухани мұраларының географиялық белдеулері» бойынша заманауи педагогикалық технологияларға негізделген сазды қойылым ұсынды.
«Болашақ» колледжінің командасы екі бөлімде де өздерінің таңдап алған тақырыптарын ашуда өзіндік даралығы, шығармашылығы, жеңіске ұмтылған жігерлі ынталарымен ерекшеленді. Сонымен қатар, әр бөлімнен кейін қазылар алқасының үш тілде қойған сұрақтарына жарыса жауап берулері арқылы өздерінің педагогикалық білім-білікті терең меңгергендерін толық дәлелдеді.
Сөйтіп, тартысты бәсекенің жеңіс тұғырынан көрінді. Студенттер байқаудан кейін Семей қаласының мәдени орындарына саяхат жасады. Абай Құнанбаевтың мұражайына және ақын оқыған Ахмет Риза медресесіне барды.
Студенттерді олимпиадаға дайындаған жетекшісі – колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Меруерт Қабылова, колледждің жастар алқалық кеңесінің координаторы Жанар Бакижанова және колледждің жүйелік әкімшісі Бейімбет Бахаев. Жетекшілерге сертификат табысталса, жеңімпаз «Ұлағат» командасына ҚР Білім және ғылым вице-министрі А.Аймағамбетовтің І дәрежелі дипломы, сертификаттар және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының естелік сыйлықтары табысталды.

Жансая КӘМЕНОВА,
«Болашақ» колледжінің
4-курс студенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button