"Білгенге маржан"

Дархан даланың даралықтары

Халық саны – 17 202 600 адам. Бұл – әлем бойынша 62-ші орын.

Қазақстанда 1 шаршы шақырымға 6 адамнан келеді. Ал, Сингапурда – 7437 адам.

Қазақстанда шамамен 130 ұлт өкілі бар.

Қазақстана 3,3 милионға жуық жеңіл автокөлік бар.

Қазақстанда қазақ тілінде – 83, орыс тілінде – 88, ал, аралас – 32 газет шығады.

Қазақстан территориясына – 5 Франция немесе 3 Түркия, 7 Жапония сыйып кетер еді.

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақ­станға шетелдік 150 млрд. доллар инвестиция құйылған.

Қазақстан ТМД елдерінің арасында 2000 жылы бірінші болып Халықаралық Пұл Қорының (МВФ) барлық қарызынан құтылған.

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара – әлемдегі құрлықпен өтетін ең ұзын шекара болып табылады: 7512 шақырым.

Жылқылар алғаш рет Қазақстан аумағында қолға үйретілді.

Қазақстан – қызғалдақ пен алманың отаны.

Екібастұз ГРЭС-2 электр станциясының мұржасы – әлемдегі ең биік мұржа. Оның биіктігі – 420 метр.

«Медеу» – әлемдегі ең биік жерде орналасқан мұз айдыны.

Қазақстан – табиғат байлығына ең бай мемлекеттердің бірі, Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы бар. 70-нің қоры анықталған, 60-ы өндіріледі.

Мұнай өндіруде әлемде 8-ші орын алады. Болжам бойынша оның жалпы көлемі 12-17 млрд. тонна. Мұндай көлеммен Қазақстанды потенциалды мұнай державаларының бірі деп санай аламыз.

Қазақстанда шамамен әлемдегі уран қорының бестен бір бөлігі бар. Оны өндіруден 1-ші орындамыз.

Астық экспортынан Қазақстан әлемдегі лидерлердің бірі. Қазақстан жылына 40 елге астық экспорттайды.

Шай ішуден Қазақстан тұрғындары – алғашқы орындарда. Жылына әр адам 1,2 келі шай тұтынады. Ал, Үндістанда – небәрі 650 грамм.

Байқоңыр ғарыш айлағы – әлемдегі ең үлкен әрі ең тығыз кестелі ғарыш айлағы.

Қазақстан өзінің тарихы, әдет­-ғұрпы, биік таулары, жабайы ормандары, ыстық шөлдері, мөлдір көлдері, жылжып аққан өзендері, керемет жануарлармен өсімдіктері бар кең даласымен бай ел.

Маржан терген Е.Смайылов

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button