Жаңалықтар

Дабыл басты назарда

«Астана» өңірлігі қолбасшылығы әскерлеріне қарасты Приозерск гарнизонының 06708,18405,44841,60601 әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді.

Әскери бөлімдерді дабыл бойынша көтеру­дегі бас­ты мақсат – батальон және рота,бөлімшелерінің арнаулы тап­сыр­­­ма­ларды орындаудағы қабілеттерін тексеру еді.

Жауынгерлік дайындыққа келті­рілгеннен кейін әскери бөлімдер белгіленген аудан­дарға марш жасап, ол жерде қойылған  оқу-жауынгерлік нақты  тапсырмаларды орындады. Әскери бөлім командирлері шеру жағдайында әртүрлі шешімдер қабылдады.

Тексеріс барысында жеке құрамның штат­тық қару-жарақтар мен құжаттары іс-қимылдар жасауы­на, тәжірибелік оқ атуларды орындауына, жа­уын­герлік даярлық пәндері бойынша нор­ма­тив­­тер­ді жүргізуге және пысықтауға ерекше назар аударылды. Тексеру нәтижелері бойынша «Астана» өңірлігі қолбасшылығы әскерлерінің басшылығы жауынгерлік әзірлікті қажетті деңгейде ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button