Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа 2025 жылғы 8 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Құжат Ақорда сайтында жарияланды.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген құжатта.
Дәурен Қосанов 1969 жылғы 14 қазанда Павлодар облысы Қызылқұраған ауданында дүниеге келген.
1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, Әскери-әуе академиясын бітірген. Ю. А. Гагарин 2005 жылы, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясы 2013 жылы тәмәмдаған.
Мансап
1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы, ҚазКСР, Краснокут ауданы, Новотроицкое ауылында дүниеге келген
Үшарал жауынгерлік полкіндегі қызмет;
Талдықорғандағы “Су-27” эскадрильясының командирі;
Қарағанды авиабазасы штабының бастығы;
Шымкент авиабазасының командирі;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;
Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының директоры;
2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды
“Әскери ұшқыш мерген”. II дәрежелі “Даңқ” орденімен, “Жауынгерлік ерігі үшін” медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
2024 жылғы 28 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімі бойынша Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды