АймақБұқар жырау

Дәстүрлі дода

Бұқар жырау ауданында дәстүрлі «Бұқарекең жырлайды» байқауы биыл да жалғасын тауып, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 17-ші аудандық бәсеке өткізілді.

Сурет ұйымдастырушылардан

Аудандық Мәдениет үйінде өткен бұл байқау 4 аталым бойынша өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Әлия Шайкенова бастаған қазылар алқасы төрелік етті. Оның құрамында белгілі айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Айтбай Жұмағұл, Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы, «Мәдениет қайраткері» Мүгілсім Шибаева, «Руханият» қосымша білім беру мектебінің мұғалімі Ақмарал Есіргепова, аудандық орталықтандырылған кітапхана директорының міндетін атқарушы Гүлайым Жұмкенова болды.

Көмекей әулиенің асыл мұрасын насихаттап, дәріптеу, жыршы-жыраулық өнерді дамыту мақсатында өткізілген бұл сайысқа 56 адам қатысып, қорытындысында әр аталым бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Мысалы, «Бұқар жырау оқулары» аталымында Шешенқара орта мектебінің оқушысы Біржан Жетей, Сарытөбе мектебінің оқушысы Айару Жомарт, «Бұқар жырауша» аталымында Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебінің оқушысы Эльза Абзалбекова, «Руханият» қосымша білім беру мектебінің оқушысы Әділ Әбдірахман, «Жыршы-жыраулар» аталымында «Мирас» қосымша білім беру мектебінің оқушысы Дәурен Дарын, «Әлемді түгел білсе де» аталымында Амангелді орта мектебінің оқушысы Дмитрий Гарипов басқалардан қара үзіп, екінші және үшінші орын алғандар да белгілі болды. Ал, қалған қатысушылар да құр қалмай, оларға да ақшалай сыйақы берілді.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button