Жаңалықтар

«Дәрмек» операциясы: 48 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлерімен ел аумағында «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Сурет: polisia.kz

Операцияны өткізу кезінде өз қызметінде медициналық препараттарды пайдаланатын 900-ге жуық кәсіпорын мен ұйымдар тексеріліп, есірткі және улы заттармен жұмыс жасау саласында 22 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. 230 адам, оның ішінде 48 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сақтау ережелерін бұзғаны үшін 43 келі есірткі және психотроптық заттар, 9 мыңнан астам дәрі және медициналық препараттардың 15 мыңға жуық ампуласы тәркіленді. Лицензиялау нормалары бұзылған және техникалық нығайту талаптарына сай келмейтін сақтау объектілеріндегі 3 мың тоннадан астам прекурсордың айналымы шектелді.

– Тексеру барысында Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік объектілерінің бірінде улы заттармен жұмыс жасау ережелері бұзылғаны анықталды. Ол жерден 45 келі сынап табылып, тәркіленді. Сонымен қатар елордадағы медициналық ұйымдардың бірін тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және жою ережелерінің бұзылғандығы анықталып, 350 ампула морфин тәркіленді. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін 160 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылады. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button