Приозерск

ДӘРІГЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ЖЕТІСТІГІ

  Жер-жерде жұртшылыққа дәрігерлік қызмет көрсету жаңа сатыға көтеріліп, өз жемісін беруде. Кешенді түрде қолға алынған мемлекеттік бағдарлама шын мәнісінде жұртшылықтың көңілінен шыға бастады. Соның ішінде тегін дәрігерлік көмек көрсету, оған кепілдік беру жаңаша сипат алып отыр.

Приозерск қаласында тұрғындарға медициналық қызмет көрсетудің жаңаша серпін алғанына халық риза. Мәселен, осындағы 40 орындық аурухана тәулік бойы жұмыс жасайды. Жеткілікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 10 төсектік күндізгі емдеу орны емделушілерден бір үзілмейді. Диагностикалық тұрғыда кеңес беретін емхана бір ауысымда 200-ден аса тұрғынды қабылдай алады. «Жедел жәрдемнің» қашан да заман талабына сай қызмет көрсетуі қажеттіліктен туындайды. Мұнда екі бригада өз кезегінде халыққа қалтқысыз қызмет етеді. Фельдшерлік бригада заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. «Жедел жәрдем» бригадасы қала ішіне, сондай-ақ көршілес Сарышыған қонысына уақытпен санаспай қызмет көрсетеді.

Өз ісін жетік білетін маман дәрігерлер білімін, іс-тәжірибесін ұдайы жетілдіріп отырады. Денсаулық күзетіндегі ұжым ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын лайықты қарсы алуға бетбұрыс жасаған. Негізгі мақсат – адамдардың денсаулығын сақтауға алдын ала үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, медициналық қызмет көрсету мәдениетін одан әрі жетілдіре беру.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

Приозерск қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button