Медицина
Дәрігерлер магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды
Қарағандылық дәрігерлер бірнеше магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды
4 ақпан күні Облыстық балалар ауруханасына іш ауыруы, бірнеше рет құсу шағымдарымен шұғыл түрде, 2 жастағы бала түсті. Қабылдау бөлмінде іш қуысы мүшелерінің рентгенографиясы жасалып, асқазан-ішек жолдарында бөгде заттар (магниттер) анықталды.
Тез арада балаға операция жасалды. Операция кезінде ішек перфорациясының аймақтары анықталды, оның себебі: 11 дана металл магниттер екені белгілі болды. Операция 1,5 – 2 сағатқа созылды. Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде.