“Дүниеге келер әлі талай Қасым”
Ұлытау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен дауылпаз ақын Қасым АМАНЖОЛОВТЫҢ 110 жылдығына орай өткен Қасым өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы осылай аталды. Сайыстың негізгі мақсаты – ақынның рухани, мәдени мұрасын келешек ұрпақтың санасында жаңғырту, Қасым өлеңдерінің құдіретін қалың жұртшылыққа паш ету.
Іс-шараны аудандық кітапхананың қызметкері Сандуғаш Дүйсенбаева жүргізіп, қатысушыларды сайыстың шартымен таныстырды. Сайысқа №1 Ұлытау орта мектебінің 10-сынып оқушысы А.Есенқабыл мен биология пәнінің мұғалімі А.Бимағанбетова және қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Г.Төребай, аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкері Г.Құрманбаева, №2 Қорғасын орта мектебінің 10-сынып оқушысы А.Сартай, Жезді аралас мектебінің 8-сынып оқушылары – А.Қанат, А.Ибәділдә, А.Бектұр қатысты. Жүлдегерлер ақшалай сыйақы және Алғыс хатпен маратталды. III орынды – А.Ибәділдә (15 мың теңге), II орынды – А.Есенқабыл (25 мың теңге), I орынды А.Сартай (35 мың теңге) иеленді. Бас жүлдені А.Бимағанбетова жеңіп алып, оған да (50 мың теңге) ақшалай сыйақы табыс етілді.
Өз тілшімізден.
ҰЛЫТАУ ауданы.