ЖаңалықтарМедицина

Дүниеге Алпамыс келді

Теміртау қаласының көпсалалы ана мен бала орталығында салмағы 5 келіден асқан сәби дүниеге келді. Акушерлік қызметте салмағы 4000 грамнан асатын балалар үлкен саналса, 5000 грамнан асатындары алып балалар тобына жатады.

Орталық дәрігерлерінің айтуынша, баланың салмағы 5055 грамм болып, табиғи жолмен дүниеге әкелді. Қазір анасы мен баласы дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы қалыпты.

Анасы Баян Жұрманбетованың айтуынша, бұл төртінші перзенті. Үйде екі қызы мен ұлы күтуде. «Әуелі Алла, сосын орталық дәрігерлеріне алғысым шексіз», – дейді ол.
Жалпы, салмағы үлкен балалардың тууы жиі кездеседі. Былтыр үлкен салмақта 54 нәресте, алып салмақта 10 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде ең үлкен салмақ 6520 грам болды. Биылдың өзінде үлкен салмақты төрт  сәби дүниеге келді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button