COVID-тен айығу неге қиын?

25-ақпандағы мәлімет бойынша ел көлемінде 746 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шығыпты. Пан­демия басталғалы барлығы 195 121 адам вирустан айығыпты. Алайда, екі аптадан кейінгі ПТР тестінің теріс нә­тижесі вирустан біржола айықты деген­ді білдірмейді. Қағаз жүзінде адам сау болғанымен, құлан-таза айығып кетуіне бірнеше ай, тіпті, бірнеше жыл қажет бо­лады. Коронавирус инфекциясын жұқ­ тырып ауырғандардың 20%-ында COVID19-дан кейінгі асқыну байқалады екен.

Коронавирус тұмау сияқты рес­ пираторлық вирустар қатарына жа­тады дегенімізбен, оның адам орга­низміне әсері мен салдарын ешкім болжап айта алмайды. Қатерлісі де осы ерекшелігі болып тұр. Тұмаудан адам, әрі кетсе, 2-3 аптаның айнала­ сында жазылып шығады және одан кейін қандай да бір өзгерістер байқалмайды. Коронавирус адам ағза­ сының ең осал тұсына әсер етеді. Одан жазылды дегеннің өзінде кейін ұзақ уақыт бойы мазалауы мүмкін. Біреудің асқазан жұмысы зардап шегеді, келесісінің жүйке жүйесіне әсер етеді, буындардың сырқырауы, тершеңдік пен әлсіздік айлап сақталады.

Мамандардың мәлімдеуінше, коронавирустың ауыр түрімен ауырғандарда ковидтен кейінгі син­дром 2 жылға дейін созылуы мүмкін екен. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының ішкі аурулар кафедрасының профессоры Сәуле Қасенованың айтуынша, ауыр­ған адамдарда коронавирус белгісі 3 айға дейін, қатты ауырғандарда 2 жылға дейін сақталуы мүмкін.

– Ұзақ уақытқа созылған құрғақ жөтел, ентігу, әлсіздік ковидтен ке­йінгі синдромның жиі кездесетін белгілері. Кейбіреулерде бас ауырып, басы айналады. Жүрегі ауыруы мүм­кін. Тіпті, ұйықының бұзылып, жа­дының нашарлауы да кездеседі. Мұ­ның барлығы коронавирустан, – деді С.Қасенова.

Қала тұрғыны Назира Балтабек те коронавирустан айыға алмай жүр­гендердің бірі. Алғашқы уақытта онда әлсіздік пен шаштың түсуі байқалған.

– Одан бөлек, жоғары температу­ра, құрғақ жөтел байқалды. Төртінші күні иіс пен дәм сезбей қалдым. Ке­рек медициналық сараптамаларды жасаттым. КТ пневмония жоқ екенін көрсетті. Коронавирустың жеңіл түрі болғандықтан, 14 күн үй ка­рантинінде жаттым, – дейді ол. Сол ауырғаннан бір айдан кейін ғана дәм мен иісті қайта сезе бастапты.

Дәрігерлер вирустан кейінгі қалпына келу науқастың ауыру дең­гейіне байланысты дейді. Яғни, нау­қас ауыр, асқынған түрімен ауырса, қалпына келу мерзімі де ұзағырақ болады.

– Коронавирустың инкубациялық кезеңінен кейін тағы екі апта дәрігер­лердің бақылауында болады. Үй жағ­дайында немесе стационарға жат­қызылады. Мәселен, жағдайы ауыр болған науқастардың дәм мен иіс сезу қабілеті 1 айдың көлемінде қал­пына келеді. Дегенмен, әр адамда ол әртүрлі болатынын ескеру керек, – дейді №4 емхананың эпидемиолог дәрігері Эльвира Ыбырай.

Бұл ретте маман теңіз тұзымен мұрынды шаю, сұйықтықты жиі ішу, таза ауада көп болу сияқты кеңестер айтты.

– Су ішумен қатар, дұрыс та­ мақтану қажет. В тобына жататын және полидәрумендер ішу керек. Ол жүйке жасушаларының қалпы­на келуіне әсер етеді. Тыныс алу гимнастикаларының да көмегі көп. Оны терапевт пен реабилитолог тағайындайды, – деді Э.Ыбырай. Бүгінгі таңда коронавирус инфекция­сының таралуында айтарлықтай өз­ геріс жоқ. 25-ақпандағы жағдайы бойынша 855 адамда вирус жаңадан анықталды. Пандемия басталғалы республика бойынша 210 357 адам вирус жұқтырып, ауырды. Ал, Қарағанды облысында 15 308 адам­ да ПТР тестілеу бойынша коронави­рус расталды. Оның 54-і өткен тәу­лікте қосылды. Жалпы, 20 277 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Коронавирустан емделу мен одан кейін қалпына келу міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан тө­ленеді. Яғни, оның дәрі-дәрмегі де, жасалатын сараптамалар да тегін және емге көнеді.

Жансая ОМАРБЕК