Спорт
Чосич «Шахтёр» сапына қайта оралды
Қарағандылық «Шахтёр» футбол клубының қатары жаңа ойыншымен толықты. Аталмыш клуб босниялық қорғаушы Джордже Чосичпен келісімге келді.
Айта кетейік, Джордже Чосич 2022 жылғы маусымда қарағандылық клубтың қатарында өнер көрсеткен. Сол маусымда 22 ойын өткізіп, бiр гол салған.
28 жастағы қорғаушы бұған дейін өз еліндегі «Дрина Зворник», «Витез», «Зриньски Мостар» және «Борац» командасында өнер көрсеткен. Ал, «Шахтер» құрамына қосылғанға дейін сербиялық «Младост Нови Сад» сапында ойнады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz