Жаңалықтар

Чемпион дауыс берді

Шет ауданының мақтанышы, пауэрлифтингтен Әлем және Азия чемпионы – Марғұлан Бекен Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында қалыс қалмай №735 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Байрақты бәсекелерде аудан мәртебесін асқақтатып, елдің абыройын арттырып жүрген азамат өз таңдауын жасады.

– Осы сайлаудан кейін елімізді үлкен өзгерістер күтіп тұр деп сенім артамын. Мен бүгін таңдау жасадым. Адамдардың учаскелерге көтеріңкі көңіл-күймен барып жатқаны қуантты. Бүгін – тарихи күн. Туған елінің дамуына әрбір азамат үлес қоса алады. Туған ауылымда дауыс бергеніме, нақты қадам жасағаныма қуаныштымын, – дейді спортшы Марғұлан Бекен.

Ауылдастары спортқа деген құлшынысын арттыру арқылы өз еңбегімен биік белестерді бағындырған Марғұланның жетістігіне дән риза. Дүбірлі додада 23 жасқа дейін 66 келі салмақ дәрежесінде Шет ауданының азаматы Марғұлан Бекен қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, алтыннан алқа таққан болатын.

Нұрдос КӘРІМ,

Шет ауданы

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button