Бюджеттік өтінімге енгізілді

         Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде Ержанов-Ермеков көшелері қиылысына бағдаршам орнату немесе орнын ауыстыру туралы жария­ланған Қуаныш Аманқұловтың «Кісі өлгенін күтеміз бе?» мақаласын қарастырып, келесіні хабарлаймын:

«Қарағанды қаласының комму­налдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ және Қарағанды қа­ла­сы ІІБ ӘПБ ЖКИБ мамандарымен бір­лесіп, аталған учаскені комис­сия­лық тексерістен өткізді.

Биыл 638 жол белгісін және 3 бағдар­шам нысанын орнатуға қара­жат бөлінді.

Бағдаршам нысанын ауыстыру «Елді мекендерде жол қозғалысы қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету» бағ­дарламасы бойынша 2017 жылдың бюджеттік өтініміне енгізіледі.

Бұл мәселенің одан әрі шешілуі қалалық бюджеттік комиссияның отрысынан кейін белгілі болады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Заңының 10 б., 12., 1 т. сәйкес, Сіз өтініш бойынша қабылданған шешімге байланысты жоғары мем­лекеттік органға не жоғары лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.

Ш.ЖУСУПОВА,

«Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.