Жаңалықтар

Браконьерлер құрықталды

Қарағанды облысының полицейлері заңсыз ауланған балықты тасымалдаған браконьерді құрықтады,  деп хабарлайды Оrtalyq.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы – Екатеринбург тас жолында жеңіл автокөлік тізгіндеген 39 жастағы қарағандылықты тоқтатқан. Көлікте өзінен басқа 68 жастағы жолаушы болған. Көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында полиция қызметкерлері көліктен жалпы салмағы 155 келіні құрайтын 20 қап ауланған балық, палатка және екі мұз тескіш құралын тәркіледі. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Сондай-ақ, Балқаш қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Балқаш көлінің маңында жол талғамайтын автокөлік тізгіндеген 54 жастағы Ақтоғай ауданы тұрғынын тоқтатқан. Көліктен полиция қызметкерлері 105 келі балық тәркіледі. Келтірілген шығын көлемі 398 мың теңгені құрады. Екі дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабына (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button