Ботақарадағы мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды
Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентіндегі Юрий Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектептің материалдық-техникалық базасы толығымен жаңартылды. Онда заманауи стандарттарға сай жаңа парталар мен бастауыш сынып оқушылары үшін жеке шкаф алынды. Сонымен қатар, келер жылы білім ошағының аумағы абаттандырылып, ғимараттың қасбеті жаңартылады деп жоспарлануда.
Одан бөлек, мектепте физика, биология және Stem-зертхана кабинеттері заманауи жабдықтарымен жабдықталған. Модификациялық кабинеттер ашылып, кітапханасы да жаңғыртылған.
– Оқу процесі екі тілде және екі ауысымда өтеді. Мектептегі жалпы оқушы саны – 620. Балаларымыз заман көшінен қалмай, білім сапасы жағынан қала оқушыларынан кем түспесе дейміз. Жөндеу жұмыстарына, жаңа жиһаздар мен жабдықтарға салынған инвестиция оқу үдерісінің сапасын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Жаңа парта, орындықтар мен шкафтар алдық. Жиһаз сыныптар бойынша реттеле бастады, ыңғайлы, заманауи және әдемі, – дейді мектеп директоры Сағыныш Төлеуханова.
Айта кетейік, биыл мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Іші әктеліп, қабырғаларды тегістелген. Есік-терезелерді мен едендері де ауысқан.
Дәретханалары, су құбыры мен кәріз жүйелері жөнделіп, жаңа пандус орнатылған.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz