Жаңалықтар

Борышкер алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Сотталушы Л. үш айдан астам уақыт бойы, 2023 жылғы 15 сәуір мен 2023 жылғы 14 қыркүйек аралығында кәмелетке толмаған ұлын асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндетін атқарған жоқ. 2023 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша Л. алимент бойынша берешегінің жалпы сомасы 2 936 249 теңгені құрады.

Сурет: turaninfo.kz сайтынан

Л. өз міндеттерін орындамайтыны, баланың материалдық қамтамасыз етілуіне қатыспайтыны, ұзақ уақыт бойы алимент төлемейтіні, оларды төлеуге нақты мүмкіндігі және бейресми толық емес жұмыс уақыты бар екендігі анықталды.

Л. ҚК-нің 139-бабы бойынша ата-анасының кәмелетке толмаған балаларды асырауға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін айыпталды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-аналардың табиғи құқығы мен міндеті болып табылады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 20.11.1989 жылғы 44/25 қарарымен қабылданған және Қазақстан Республикасы 1994 жылғы 16 ақпанда ратификациялаған «Бала құқықтары туралы» Конвенцияның 27-бабына сәйкес ата-ана(лар) немесе бала тәрбиелеп отырған басқа да адамдар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге негізгі жауапты болады.

Ата-аналардың балаларды асыраудан жалтаруы олардың өмір сүру жағдайларын нашарлатады, денсаулық жағдайына әсер етеді, баланың қалыпты дамуын бұзады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот актілерін орындамағаны үшін жауапкершілік туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №12 нормативтік қаулысының 12-тармағының талаптарына сәйкес сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау деп борышкердің сот актісін орындауға шаралар қабылданбауы, өндіріп алу жүргізілуі мүмкін жалақыны және басқа да мүлікті жасырып қалуды, жұмыс орны туралы, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түсетін кірістер туралы ақпарат бермеуді, міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару жөнінде мәмілелер жасауды, сондай-ақ ақшалай қаражат пен мүлікті басқа да мақсаттарға пайдалануға байланысты өзге де іс-қимылдарды санауға болады.

Сот сотталушы Л. алимент төлеу үшін нақты мүмкіндігіне ие бола отырып, сот актісін орындауға шаралар қолданбайтынын анықтап, оны ҚК-нің 139-бабы бойынша 1 жыл түріндегі жаза тағайындаумен, белгілі бір міндеттерді жүктей отырып және жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, 1 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілей отырып, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп таныды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардің істері жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button