Жаңалықтар
Боранда адасқан шопандар табылды
10 қаңтар күні соққан ақтүтек боранда 2 шопан жоғалып кетті.

Олар 10 қаңтар күні сағат 12.00-де Абай ауданына қарасты Ақбастау ауылының Жәнібек қыстауынан мал іздеуге шығып кеткен. Алайда үйлеріне қайтып оралмаған. Туыстары хабар берген таңғы сағат 04.00-ден бастап облыстық ТЖД күштерімен іздестіру жұмыстары жүргізілді. Бүгін таңертең жоғалған екеуі де аман-сау Ақбастау ауылынан табылды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz