Жаңалықтар

Болашақтың қорғаны бекем

Әскери прокуратураға жүгіну – тұрғындардың құқық қорғау органдарына деген сенімін көрсететін маңызды көрсеткіш. Әскери прокуратура қызметкерлері мұндай өтініштерді тексеріп, олардың заңды негіздеріне мән береді. Өтініштерді қарау – прокуратураның жауапты қызметі, себебі ол азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол берілмеуі тиіс. Қазір Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында әскери қызметке шақыру науқаны жүргізілуде. Осыған байланысты, ең көп түскен өтініштер азаматтардың әскери қызметке шақыру, әскери дәрігерлік комиссиялардан өту, және олардың әскери қызметке шақырудан кейінгі медициналық тексерулер мен мерзімді қызметке қатысты сұрақтарынан туындайды.

Сурет автордан

Әскери прокуратура осы мәселелер бойынша жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, өткен аптада Қарағанды облысының жинақтау пунктінде «Прокурор сағаты» атты профилактикалық іс-шара өткізілді. Оның мақсаты – жастарға әскери қызметке шақыруға байланысты заң бұзушылықтардың алдын алу және оларды түсіндіру.

Шара барысында әскерге шақырылушыларға шақырудан қашу, сондай-ақ, медициналық тексерулердің сапасы мен оларды ұйымдастыру тәртібі туралы түсінік берілді. Одан бөлек, жастардың құқықтарын қорғау мақсатында шақыру пунктінің ұйымдастырылуы, олардың тұру және тамақтану жағдайлары тексерілді. Әскери прокуратура қызметкерлері азаматтардың құқықтарын бұзуға жол бермеуге және заңсыз әрекеттерге қатысты қатаң бақылау жүргізетіндігін айтты.

Әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының әлеуметтік құқықтарын қорғау – маңызды мәселе. Әскери прокуратура өткен жылы әскери бөлімдер мен мекемелерде қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының әлеуметтік қорғау деңгейін талдап, олардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізді.

Қарағанды облысында әскери қызметшілердің 99 ерекше баласы бар. Бұл балалар әртүрлі диагноздарға байланысты тұрақты түрде қымбат емдеу мен күтімді қажет етеді. Қазақстан заңнамасына сәйкес, мұндай балаларға мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Атап айтсақ, ерекше баласы бар отбасы үшін тұрғын үй төлемдері, қосымша әлеуметтік көмек қарастырылған.

Әскери прокуратураның араласуынан кейін әскери қызметшілердің отбасылары үшін бұл төлемдердің дұрыс есептелуіне кепілдік берілді. Осы өзгерістердің нәтижесінде отбасыларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілуде. Қазір әскери қызметшілердің ерекше балалары бар отбасылары үшін тұрғын үй төлемдері есебінен қосымша қаржы бөлінуде.

Бұдан бөлек, біздің әскери прокуратураның бастамасымен, еліміздің барлық аймақтарында осы саладағы құқықтарды қорғау үшін біркелкі тәжірибе қалыптастыру мақсатында ұсыныстар енгізілді. Бас әскери прокуратураның бұл жұмысын өзге мемлекеттік органдар да қолдап, осылайша еліміздің барлық аумағында 1 000-нан астам ерекше баланың құқықтары қорғалуда.

Әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың маңызы зор. Әскери прокуратура бұл мәселеде белсенді жұмыс жасап, әлеуметтік қорғау жүйесінің жетілдірілуіне ықпал етуде.

Әділхан ӨМІРБАЕВ,
Орталық аймағы әскери прокурорының орынбасары
әділет майоры

Басқа материалдар

Back to top button