ҚарағандыРухани жаңғыру

Болашақ баспалдағы

     Бүгінгі күнде «Алтын сақа» балабақшасы балалардың психологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып, олардың ой-танымын, қиялын, тілін, ой-өрісін дамыту мақсатында жұмыс жүргізуде. Оның ішінде, халқымыздың «Баланы ойын өсіреді» деген нақыл бағытында баянды істер атқаруда.

«Алтын сақа» балабақшасының директоры Жанна Оспанованың айтуынша, театрландырылған шараларға балаларды қатыстыру арқылы тәрбиелеу де оң әсерін беріп отырған көрінеді.

– Ең бастысы – ойын барысында баланы жан-жақты ойлануға, өзгелердің пікірімен санасуға, ортақ тіл табысып, тез арада шешім қабылдауға, ойынды шыншыл ойнауға, адал болуға, жалған сөйлемеуге, жанашырлыққа, кешірімді болуға баулу қажет. Біздің тәрбиешілер балалардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін есте ұстап, ұлттық қозғалыс ойындарын балабақша өмірінде жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырып келеді. Жақында ғана облыс  әкімдігінің «Тіл жанашыры»  сыйлығын тапсыру салтанатына  «Алтын сақа» балабақшасының бүлдіршіндері қатысты. Балалар әр ұлттың тілінде тақпақтар айтып, билерін көрсетіп, қазақ тілінде «Біз – бақытты баламыз» әнін орындады. Ол жердегі басты көрініс еліміздегі қаншама ұлт өкілінің бір шаңырақ астында бірлікте ғұмыр кешіп жатқандығын көрініс арқылы ұсынды. Ол жерде «Гауһар» тобының балалары – Бектас  Абаханов қазақ  тілінде, Саида Сейсенханова өзбек тілінде, Саида Еркін ағылшын тілінде, «Құлыншақ» тобының балалары –  Мәлике Дәуленова шешен тілінде, Ақерке Тілеубек кәріс тілінде, «Ертегі» тобының балалары Роман Патриман украин тілінде, Руслан Тишкин грузин тілінде, Маша Коростылева орыс тілінде, Алиса Дильман белорусь тілінде, Макар Котов неміс тілінде сөйлеп, қабілеттіліктерін танытты. Осындай шараларға балаларды дайындап жүрген әдіскерлер – Р.Бапахова мен Н.Александровскаяның, қазақ тілі мұғалімі К.Ибраеваның, орыс тілі мұғалімі Л.Қасымбекованың, музыка жетекшісі М.Жұмабаеваның еңбектерін атап өтуге болады, – дейді Жанна Қайратқызы.

 

Өз тілшімізден.

Қарағанды қаласы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button