Біздің мақсат – конфессияаралық келісім, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл
Былтыр ғана өзіміз 25 жылдығын атап өткен Қазақстанның Тәуелсіздігі жылдары ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен елімізде этноконфессиялық қатынастардың үйлесімділігіне жағдай туғызып, діни факторды саяси фактор ретінде өңін айналдыруға тырысқан кез келген әрекеттің жолын кесетін саясат жасалып шықты. Бұл – бүкіл әлемдегі діндердің ішкіконфессиялық қайшылықтары тұтас мемлекеттің және адамдардың қасіретіне мемлекетаралық шиеленістерге айналған, діни экстремизм мен терроризмнің өршіген мысалдары негізінде жүзеге асырылып отыр.
Осы айтылғандар мемлекеттен діни бірлестіктермен адамгершілік тұрғыдан қарым-қатынас жасауды талап етеді. Тәуелсіздік жылдары бұл мәселеге қоғамның да көзқарасы түп-тамырымен өзгерді. Қазір тұрғындардың көпшілігі, соның ішінде жастардың едәуір бөлігі өздерін сенушіміз деп санайды.
Жастар дінді қаншалықты деңгейде адамның, қоғамның өміріндегі рухани бастау деп санайтын болса, көпконфессиялы қоғамдағы үйлесім де соншалықты осыған тәуелді болмақ.
Конфессияаралық қатынастар саласына деген назардың күшеюі 2016 жылы Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің құрылғанынан да айқын көрінеді. Оған діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, азаматтардың сенім бостандығына құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы өзара ынтымақтастық саласындағы функциялар мен уәкілеттіктер берілді. Негізгі міндетінің бірі – елдің тарихи және мәдени мұрасын сақтай отырып, қоғамның тек материалдық қана емес, рухани байлығын қорғауды қамтамасыз ететін зайырлы қоғам құндылықтары мен мұраттарына сәйкес келетін саясат жүргізу болып табылады.
Өз қызметінде Дін істері басқармасы қоғамның дамуындағы, соның ішінде қазақстандық қоғамның тұрақтылығын сақтаудағы діннің маңызды рөл атқарып отырғандығын басшылыққа алады. Республика тарихында біздің облысымыздың ең көп конфессиялы өңір екендігін естен шығармау – осы міндетті атқарудағы тағы бір маңызды міндет болып табылады.
Қазіргі таңда Қарағанды облысында әртүрлі 15 конфессия өз қызметін жүзеге асырып отыр. 254 діни ғимарат бар, олардың басым көпшілігі Тәуелсіздік жылдары дін саласында жүргізілген мемлекеттік саясаттың нәтижесінде пайда болды. Басты басымдықты ислам және православие секілді дәстүрлі діндер иемденіп отыр.
Тікелей өз жұмысымыз туралы айтатын болсақ, біздің Басқарма (қысқаша ДІБ) облыстағы діни ахуалды зерттеу және талдау ісімен айналысады. Мысалы, былтыр біздің және Басқарма жанынан құрылған «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарын зерттеу және талдау орталығы» тарапынан әрқилы 9 әлеуметтанушылық зерттеу жүргізілді. ДІБ негізгі міндеті діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; дін саласы бойынша азаматтардың ақпараттануын арттыру жөніндегі түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, конфессияаралық келісімді, толеранттылықты нығайту, содан кейін діни экстремизм профилактикасы болып табылады.
Бұдан басқа, Басқармаға миссионерлік қызметті жүзеге асырушы тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуден өткізу; діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру; діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру міндеттері жүктелген.
Ар-ождан бастандығы қағидаттарын қорғауға бағытталған, азаматтардың құқықтық және саяси мәдениетін көтеру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысына көп көңіл бөлінеді. Мақсат – облыс тұрғындарының, сенушінің моральдық бет-бейнесін бұзатын, дінді және сенушілердің сезімін пайдаланып, адамгершілікке, денсаулық пен қауіпсіздікке, адамның құқығы мен бостандығына зиян келтіретін ұйымдардың ықпалына түсіп қалуын болдырмау.
Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында үш деңгейлі ақпараттық-түсіндіру жұмысы құрылды. Бірінші деңгейге республикалық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ), екіншіге – облыстық, үшіншіге – аудандық және қалалық АТТ кіреді. 2016 жылы олар 380 мыңнан астам адамды қамтыған 1700 іс-шара (АТТ) өткізді, оның 57%-ын жастар құрады.
Мемлекеттік конфессиялық саясат пен діни экстремизм профилактикасын түсіндіру бойынша мемлекеттік органдар, конфессиялар және үкіметтік емес сектор өкілдері үшін тұрақты түрде конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізіліп отырады.
Мысалы, 2016 жылғы қарашада біз, «Дін және әйел» атты Халықаралық Форум өткіздік, оның нәтижесінде 6 ел өкілдерінің мақалалары басылған жинақ жарыққа шықты, Жезқазған қаласында «Исламның мұраттары және құндылықтары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Форум және конференцияның өтуі Қазақстанның зайырлы сипатын түсінудегі өзекті де өткір мәселелерді, діннің қоғамға деген әсерін, діни догмаларды дұрыс түсіну және діни экстремизм мен радикализмге қарсы тұру мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған іс-шаралар аясында Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығы Дін істері басқармасымен бірге жалпы білім беру мектептерінің дінтану мұғалімдеріне «Дін және білім» атты үшкүндік семинар өткізілді. Тыңдаушыларға мемлекет тұрақтылығының маңызды факторы және қоғамдық құндылық ретінде зайырлылық қағидаттарына, зайырлылық тұрғысынан дінді түсіну және оқытуға түсінік берілді, ар-ождан бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихы мен заманауи жағдайы, жаңа діни қозғалыстар жөнінде жан-жақты білім беріліп, деструктивті діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдардың пайда болу себептері ашып айтылды, олардың мемлекеттің және жеке тұлғаның дамуына қандай қауіп екендігі көрсетілді. Бұлардың бәрі – дінтанушылардың күнделікті жұмысында, әсіресе, жастармен жұмыс істеуде жиі кездесіп отырған мәселелер шеңбері.
Біз жүргізіп отырған ақпараттық-профилактикалық жұмыста бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) алатын орны ерекше. 2016 жылы облыстағы 175 БАҚ-та дін саласындағы мемлекеттік саясат, конфессияаралық қатынастар мен діни экстремизм профилактикасы бойынша әртүрлі бір жарым мыңға жуық материалдар басылып шыққанын айтсақ та жеткілікті.
Заманауи технологияларды есепке ала отырып мемлекеттік органдар, талдау орталығының ресми сайттары, religioved.com ақпараттық-талдау порталы жұмыс жасап тұр. Бұдан өзге, «Фейсбук», «В контакте» әлеуметтік желілері, мобилдік месседжер «whatsapp» арқылы облыс тұрғындарын ақпараттандыру жүргізілуде.
Интернет желісінде діни экстремизм идеяларын насихаттайтын материалдардың таралуына шек қою үшін зайырлық және діни сипаттағы интернет-ресурстар мониторингі ұйымдастырылды. Осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің тарапынан діни экстремизм, радикализм идеялары, дін және ұлтаралық араздықты қоздыру тәрізді материалдарды таратқан 36 интернет-бетке (сайтқа) бұғат салынды.
Басқарманың баспа құралы «Дін және Заман» ақпараттық-ағарту журналының 4 нөмірі шығарылды. Бұл журнал облыс конфессиялары өмірінде болып жатқан оқиғаларды қадағалап отыруға, мемлекет-дін саясаты, дін мәселесі, діни радикализм мен экстремизмнің қаупі жөніндегі сұрақтарға жауап алуға көмектеседі. Оның электронды нұсқасы да бар.
Тұрғындардың діни сауатын арттыру және діни экстремизм профилактикасы үшін 6 мың әртүрлі форматтағы таратпа материалдар («Мұны білу маңызды!», «Қауырт желі 114», «20 сұрақ және жауап: Дін және қоғам», 20 Халықаралық терроризм бойынша 20 сұрақ және жауап т.б.), 10 мың буклет басып шығарылды.
Базарлар, сауда үйлері және дүкендерде апта сайын өткізіліп отырған «Мұны білу маңызды!» акциялары да өзін-өзі қамтыған тұрғындар арасында түсіндіру және насихат жұмысын жүргізуде маңызды жұмыстың бірі болып отыр. Оның барысында адамдарға буклеттер, брошюралар және парақшалар таратылып, ақпараттық кеңес көмегі беріледі. 2016 жылы 20 мыңға жуық адамды қамтыған осындай 20 акция өткізілді.
Деструктивті діни ілімдердің ықпалына түскен жандармен, көп жағдайда олардың жақындарымен жекеше жүргізілетін жұмыстың да алар орны ерекше. Бұл жердегі міндет – бұл ілімдердің зиянын көрсетіп қана қоймай, ойланбай істеген қадамнан сақтау, кейде жеке проблемаларын шешуге көмектесу.
Мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында облыс әкімдігінің жанында кеңестік орган – Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес өз жұмысын жалғастыруда. Оның отырыстарында дін саласы бойынша бірлескен ұсынымдар қабылдау мен шешуді талап ететін өзекті проблемаларды талқылау жүргізіледі.
Қорыта келгенде, Басқарманың негізгі міндеті – конфессияаралық келісімді, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласында тұрақтылықты, зайырлы мемлекет өмірінің қағидаттарын сақтау екенін тағы бір айта кеткім келеді. Және бұл жұмыс жаңа басталған жылда да одан әрі дами бермек.
Н.Бикенов,
«Қарағанды облысының дін істері
басқармасы» ММ басшысы.