Жаңалықтар

Біз төртеу едік…

Сурет марқұмның жеке мұрағатынан

Қайрат Асқар – Қарағандының, жалпы, Арқа өңіріндегі өлеңнің үлкен өрендерінің бірі еді. Бала күнінен-ақ, мектепте оқып жүрген кезінен-ақ ерекше дарынымен, терең білімімен көзге түскен, болашағынан үміт күттірген өнер өлкесіндегі өзгеше тұлға болатын.

Оның мөлдір жырлары өзінің мінезіндей, өзінің көңіліндей, өзінің өмірлік әрекетіндей мөлдіреп туып, мөлдіреп өзімен бірге кете барды. Көзінің тірісінде бір-ақ кітабы шығып үлгерді.

Алғашқы балауса жырларынан бастап, кейінгі жазған өлеңдерін бірге бөлісіп, бірге қадам басып келе жатқан асыл досымыз еді.

Біз төртеу едік. Қарағандының квартеті болып жүретінбіз. Сол төртеудің біреуі сетінеді. Өте өкінішті, әрине. Өзегім өртеніп тұр. Қайраттай ақын бұл қазақтың аспанына келе ме, келмей ме, Құдай біледі.

«Ақсұңқарұлының абадандары» атанып, қатар жүргенде қалың қазақтың ақыны ығатын еді. Жарқын естеліктер мәңгі жүрегімізде екені анық.

Сейіл мен Сәттібайдан кейін енді ес жиып келе жатыр едік. Қазақтың қара өлеңінің бір уығы сынды, Қарағандыда…

Серік Сағынтай

Басқа материалдар

Back to top button