Жаңалықтар

Биыл 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.  Биыл 1 наурыздағы мәлімет бойынша 3 134 этникалық қазақ қандас мәртебесіне ие болды.  Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50,0%) Өзбекстаннан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% шетелден келдң.

Шетелден оралған қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

Биыл 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 69,1%, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7% және зейнеткерлер 8,2% болды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 20,1% жоғары білімді, 40,9% орта кәсіби білімді, 35,2% жалпы орта білімді және 3,8% білімі жоқ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button