Жаңалықтар

Биылға 56 елдімекенді газбен қамтамасыз ету аясында 86 жоба жоспарланған

Елді газдандыру деңгейі 60 пайызға жеткізіледі. Бұл туралы Сенатта «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Ашық дереккөзден

– Ел тұрғындарын газбен қамту аясында былтыр 142 жоба жүзеге асты. Биыл 56 елді мекеннің 167 мың тұрғынын газбен қамтамасыз ету үшін 86 жоба жоспарланған. Бұл елді газдандыру деңгейін 60 процентке жеткізуге мүмкіндік береді. Энергетикалық байланыс солтүстік және орталық-шығыс аймақтарды газдандыруды аяқтау және батыс өңірлерін бірыңғай энергетикалық жүйеге қосу арқылы жүзеге аспақ, – деді Р. Скляр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары еліміздегі жылу электр станциялары мен электр желілеріне ревизия жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл тексеру биылдың бірінші тоқсанында аяқталады.

2025 жылдың соңына дейін халықты ауыз сумен қамту 100 пайызды құрайды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button