Бас тақырыпРесми

Бишімбаев пен Байжанов ісі: Жоғары сот түсініктемесі жарияланды

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты 2024 жылы 13 мамырда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша шығарылған сот үкіміне қатысты түсініктеме жариялады.

Сурет: КТК телеарнасы

Іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Алқабилер алқасының үкімімен Қ.Бишімбаев жәбірленуші С.Нүкенованы 2023 жылғы наурыз айының ортасынан бастап 9 қарашаға дейін кінәліге материалдық тәуелділікте болған адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану арқылы дене және психикалық зардап шеккені үшін (ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы); сондай-ақ 09.11.2023 жылы С.Нүкенованы өлтіргені, яғни аса қатыгездікпен басқа адамды заңсыз қасақана өлтіргені (ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі, 5-тармағы) үшін кінәлі деп танылды.

Б.Байжанов 09.11.2023 жылы Қ.Бишімбаев жасаған аса ауыр қылмысты уәдесіз жасыру бойынша кінәлі деп танылды(Қылмыстық кодекстің 432-бабы).

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, аудио-бейнематериалдармен, сараптамалық қорытындылармен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді.

Прокурор Бишімбаевты 24 жылға, Байжановты 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот отырысында сотталушылар өз кінәларын мойындамады.

Жазалау туралы шешім

Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағының санкциясында 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағының санкциясында 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қылмыстық кодекстің 432-бабының санкциясында 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Сот Қылмыстық кодекстің 53-бабына сәйкес сотталушылар Бишімбаев пен Байжанов үшін кәмелетке толмаған балалардың болуын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Сот Қылмыстық кодекстің 14-бабының 2-бөлігінің 2-тармағының негізінде Бишімбаевтың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстардың қауіпті қайталануын, сондай-ақ мас күйінде қылмыстық құқық бұзушылықты жасауын таныды.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Байжановтың қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 656-бабына сәйкес ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауысты ескере отырып шешті.

Алқабилер сотының үкімі:

Бишімбаев қылмыстардың жиынтығы бойынша 24 жылға бас бостандығынан айырылды;

Байжановқа – 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру (ҚК 55-бабының 2-бөлігі ескеріліп) жазасы тағайындалды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button