Жаңалықтар

Бір мезгілде 120 жазасын өтеуші диктант жазды

№34 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысы туралы диктант жазды.

Олар  шараға алдын ала дайындалып, мекеме кітапханасындағы тарихи оқулықтар мен көркем әдебиеттерді оқып, Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» тарихи кітабында баяндалған Бауыржан Момышұлы басқарған батальонның ерлік жолы туралы диктант жазды.

Сотталғандар Ұлы Отан соғысы оқиғалары туралы білім деңгейін тексеріп қана қоймай, жауынгерлердің ерлігі, тәуелсіздік, әділдік пен бірлік құндылықтары туралы  ойды тағы бар мәрте ой елегінен өткізе алды. Мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызыловтың айтуынша, мекемеде диктант жазуды сотталғандар арасында патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button