Жаңалықтар

Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады

Бір мандатты округтер бойынша саяси додаға түскен 370 кандидаттың 104-іне сайлау жарнасы қайтарылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлімдеді, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 – Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына қатысқан 370 кандидаттың 104-іне сайлау жарнасы қайтарылады. Қалған 266 үміткер 5%-дан аз дауыс жинады. Сайлау жарнасы екі партияға да қайтарылады. Олар – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Respublica партиясы. Ал «Байтақ» жасылдар партиясы межелі дауысты жинай алмады. Қалған партиялар Конституциялық заңның 88-бабына сәйкес, сайлау жарнасын енгізбеді. Өйткені, олар бұрын Мәжіліс сайлауына қатысқан және 5 немесе одан да көп пайыз дауыс жинаған. Сондықтан олар сайлау жарнасын төлемейді, – деді ол.

Айта кетейік, бір мандатты округтер бойынша Мәжілістің мандатына үміткерлер 1 млн 50 мың теңге мөлшерінде сайлау жарнасын төлеуі тиіс.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button