Білімді ұрпақ – білікті ұстаздан

   Жаһандану заманында бәсекеге қабілеттілік – қашанда білім деңгейімен өлшенбек. Сапалы білім негізі жан-жақты коммуникативтік ақпараттарды қолданатын, жаңа заманға сай жігерлі жастармен анықталады. М.Жұмабаев атындағы №39 мектеп-гимназиясы – сауатты, өзіне сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік жас өрендер тәрбиелеуге айрықша үлес қосуда. Атап айтсақ, мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар мектебімізде жиі ұйымдастырылып отырады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған халықаралық «Жасұлан» форумы «Мәңгілік Ел» идеясы аясында өтіп, сыныбымыздағы бірнеше оқушы сертификатқа ие болды. «Берекелі Күз» жәрмеңкесі өтіп, игі шарадан түскен қаржы «Ақниет» қайырымдылық қорына тапсырылды.

Сондай-ақ, біздің сынып оқушылары тоғызқұмалақ, бокс, футбол ойындарына қатысып, белсенділік танытады. Қалалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген жүйріктер де жоқ емес. Бұған сынып оқушыларын биік шыңдарға жетелеп, ұстаздық қызметін ізгілікпен ұштастырып жүрген сынып жетекшіміз Эльмира Сыздықованың еңбегі зор.

Ерсұлтан МАҚСАТОВ,

М.Жұмабаев атындағы №39 мектеп-гимназиясының 6 «а» сынып оқушысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.