Медицина

Білім мен тəжірибе ұштасқанда…

Жазғы мектеп аясында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қарағанды медицина университетінің базасында оқудан өтті. Олар университеттегі симуляциялық жəне білім беру технологиялары орталығында болып, алғашқы медициналық көмек көрсету əдістерін меңгерді. Осылайша оқушылар жас геологтардың қазақстандық ашық далалық олимпиадасы аясында өтетін «Қауіпсіздік техникасы негіздері» жарысына дайындалды.

 

Оқушылар жаттықтырушы Гүлден Идрисованың жетекшілігімен тыныс алу жəне жүрек қызметі тоқтағанда, сүйек сынғанда, буын шыққанда, дене жарақаты, күйік шалу кезінде, уланғанда жəне жəндіктер немесе улы жылан шаққанда көрсетілетін алғашқы көмек түрлерімен танысып, тəжірибеден өтті.

Практикалық дағдыларды орындау жəне нəтижеге қол жеткізу үшін олар манекендер, сынық кезінде иммобилизацияға арналған Крамер, Дитерихс шиналары, пневмошиналар, дененің əртүрлі бөліктеріне заманауи бір реттік шиналар, гемостатикалық турникеттер, таңғыш материалдар, антисептиктер сынды медициналық құралдарды пайдаланды.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button