Жаңаарқа

Білім мен біліктілік сынағы

    Жаңаарқа ауданындағы жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» IX республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық деңгейдегі сынағы өткізілді. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен дамытуды мақсат тұтқан іс-шараға 85 оқушы қатысты.

Байқаудың «Тілші-әдебиетшілер», «Жазушылар», «Жас ғалымдар», «Сөз шеберлері» және «Әнші-бұлбұлдар» атты бөлімдерінде бойларында өздеріне тән ерекшеліктері мен дара қасиеттері бар балалардың таным-өресі, сондай-ақ, шеберліктері сарапталды. Білікті мамандардан құрылған құзырлы қазылар алқасының қорытынды шешіміне сәйкес, бәсекелестерінен оза шауып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінген оқушылар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Білімі мен біліктілік деңгейі таразыға тартылған олимпиада сынағында үздік нәтиже көрсеткен жас буын өкілдері «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыратын олимпиада аясында аудан намысын қорғайтын болады.

Сындарлы сынға қатысушылардың көңіл күйі көтеріңкі болуына әуелете ән салып, күмбірлете күй төккен Б.Амалбеков атындағы орта мектептің өнерпаздары үлкен үлес қосты.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button