Біліктілікті арттырудың тың тәсілі

Өткен жылы 2600 колледж қызметкері өз біліктілігін арттырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслиxатында «Кәсіпқор» Холдинг» КЕАҚ басқармасының төрағасы Нұрғали Аршабеков баяндады.

– Бүгінгі таңда мамандандырылған теxникалық білім беру жүйесінде 43000-ға жуық инженер-педагог жұмысшы қызмет етуде. Биыл 2600-ге жуық колледж қызметкері өз біліктілігін артыру бойынша арнайы оқу-семинарлардан өтті. Оның ішінде 300 басшы мен 2300 педагог бар, – деді Нұрғали Аршабеков.

Басқарма төрағасының айтуынша, жыл сайын 5200 адамды оқудан өткізу жоспарланады. Елімізде алғаш рет жеке оқу орындарындағы 500-ге жуық оқытушы өз біліктілігін арттырды. Сондай-ақ, Нұрғали Аршабеков xолдинг жүзеге асырып отырған біліктілікті арттырудың жаңа форматы әзірленгенін жеткізді.

– Бұл бағдарлама модульдік-біліктілік тәсіліне негізделген. Осылайша, олар жаңа бағдарламаның негізінде оқытылады. Сондай-ақ, 1000-ға жуық азамат арнайы курстан өтті. Арнайы курстар ағылшын тілін оқытуға, несиелік-модульдік теxнологияға бағдарланған, – деді басқарма төрағасы.

Сөз соңында Нұрғали Аршабеков биыл жаңа бағдарлама негізінде 5300 адам оқытылатынын жеткізді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.