Руханият

Би – жанның тілі

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры жанындағы «Ballerina» балалар хореографиялық студиясының тәрбиеленушілері бірден екі беделді байқауға қатысып, жүлделі орындармен оралды.

Сурет ансамбльдің мұрағатынан

Студияның үлкен тобы Астанада өткен VI Халықаралық «Рейтинг успеха» өнер фестиваліне қатысып, бір алтын және үш күміс медаль еншіледі. Топ жетекшісі – Диана Евстафьева.

Ал, кіші топ бишілері Татьяна Чакаминаның жетекшілігімен Гран-при иеленді. Одан бөлек, тағы да алтын және күміс медаль да иеленді.

Айта кетейік, фестиваль би, вокал, театр өнері және ұлттық мәдени мұраны насихаттап, дарынды балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button