Бертіс шығанағы жағалауында инфрақұрылым нысандарының құрылысы басталды

Балқашта Бертіс шығанағының жағалауында туристер үшін жаңа орындарды салу жоспарлануда. Ал қазір бұл ауданда инженерлік коммуникацияларды жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті.

— Бертіс шығанағы ауданында сумен жабдықтау, кәріз және электрмен жабдықтау желілерін жүргізу бойынша жұмыстар басталды. Жағалауды абаттандыру 2022 жылға жоспарланған, — деді Балқаш қаласы құрылыс бөлімінің бас маманы Саржан Сламғали.

Жобаны іске асыру өңірдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Аумағы 61 га болатын жағалау аумағын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, демалуға арналған террасалар, спорт, ойын алаңдары және т.б. қарастырылған. Сонымен қатар көгалдандыру жоспарлануда.