Жаңалықтар

Батырдың ұлты неге татар?

Ресейдің әскери құжаттардан құпиялықты алуы – бұқараға беймәлім көптеген ақиқаттарды ашып бере бастады. Ол құжаттардан Ұлы Отан соғысы кезінде қазақтың ұл-қызының ерлігіне саяси қандай қиянат жасалғанын анық көруге болады. Мысалы, бүкіл Кеңес Одағы мойындаған батыр – Мартбек Мамыраевтың Награда қағазында ұлты – «татар» деп жазылыпты. Неге? Қазаққа сенімсіздік танытқан саясат Мартбек Мамыраевты «Қазақ» десе, оған «Батыр» атағын бермей қалуы әбден мүмкін еді. Ресей мұрағатындағы ол құжатты 78 жылдан кейін жұртшылықтың көруіне мүмкіндік туып отыр.

Бұл марапат парағында Мартбек Мамыраевтың ерлігі «проявил исключительное мужество и героиство» деп жазылған. Ал, бұл болса, сол уақыттағы әскери жазу стиліне сәйкес Кеңес Одағы Батыры атағына ұсынылғанда жазылатын мәтін екен. Яғни, «Бұдан асқан ерлік жасау мүмкін емес» деген сөздің тобықтай түйіні – осы көрінеді. Ендеше құжат сөйлесін.

Алайда, әділетсіз жүйе марапат парағында осындай жазуы бар талай қазақты Кеңес Одағы Батыры атағынан қаққаны және аян. Оған тағы осы архивтың құжаттары – куә.

Қызғалдақ АЙТЖАН.

Басқа материалдар

Back to top button