Батырдың бас сүйегі туған жеріне жерленеді

    Жуырда ғана Санкт-Петербург музейінен елге жеткізілген Кейкі батырдың бас сүйегі өзінің туған жеріне жерленеді.

«ҚазАқпарат» хабарлағандай, сенатор Серік Ақылбай мемлекеттік комиссияның отырысы өткенін мәлімдеген. Жиында 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің даңқты қолбасшыларының бірі, атақты мерген Кейкі батырды жерлеу мәселесі қаралған.

«Кейкі батырдың бас сүйегін оның туған жері – Қостанай облысы Амангелді ауданының Тасты ауылында жерлеу туралы шешім қабылданды. Сол жерде бос тұрған мазар бар. Оны батырдың туған-туыстары тұрғызған еді. Кейкі батырдың ел тарихында алатын орнын, сондай-ақ, ол арқылы қазіргі жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығын ескере отырып, батырға сай ескерткіш жасап, Кейкі батырдың мемориалын тұрғызу ұйғарылды», – деді С.Ақылбай.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.